Мектеп тарихы » Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2017

Мектеп тарихы

Балтакөл  совхозы 1965 жылы  құрылды. 1965 жылы алғаш директор  болып Үбайда Тоқбергенов келді. Ү.Тоқбергенов совхоз орталығының  Ы.Алтынсарин  атындағы  сегізжылдық мектеп  жайын 1967-1968 оқу  жылында,"Көлқұдық" сегізжылдық мектебін 1969-1970 оқу  жылында, сондай-ақ "Ақкөл" фермасынан  бастауыш  мектептің  жайын  салып бітіруге басшылық жасады.
1967 жылы  тамызда "Балтакөл" мектеп-интернатынан  совхоз орталығында  тұратын ата-аналар  балалар оқитын  сегізжылдық  мектеп болып "Ы.Алтынсарин" мектебі бөлініп  шыкты.Алғаш мектеп  болып ашылғанда  9  класс бөлмесі болып, онда  барлығы  380  оқушы  екі  кезекте  оқитын  16  класс комплектісі болды. Бұған 15  мұғалім  сабақ  берді.
Мектеп  директоры болып, тарих  пәнінің  мұғалімі Ақынбеков  Жәнеш, оқу  ісінің  меңгерушісі болып физика-математика  пәнінің  мұғалімі Өсербаев Шәріпбек  тағайындалды.Алғаш мектеп  ашылғанда  парталарды  "Балтакөл" мектеп-интернатынан, ал  класс тақталары  аудан  орталығы  Шәуілдір  селосынан  әкелінді. Жетісай, Киров аудандарында  елді  жаппай көшіп  келуіне байланысты  мектепте 460  оқушыға  дейін өсті.
1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына  мектеп, облыс  көлемінде сегізжылдықтар  ішінде І-орынға  шығып  мәңгілік сақтауға ескерткіш ту  берілді. Мектеп  басшылары мақтау  қағаздарын  алды. Мектеп директоры  Ақынбеков  Жәнеш, Берденбаев Насырлар  юбилейлік медальға  ие  болды.
1973 жылы  тамызда мектеп  орта  мектепке айналды.Бала  саны 500-ден асты. Мұғалімдер  саны  29-ға  жетті.
1978 жылы  қыркүйекте "Балтакөл" мектеп-интернатын аудан  орталығына  көшіруге  байланысты мектеп  оқушылары көбейіп, 860-тан асты.Мұғалімдер  саны 68-ге  жетті.Сабақтар  пәндік  кабинеттерде өтіле  бастады. Мектепте  спорттық бөлме мен  жаңа  заманға  сай еңбек  шеберханасы , асхана  жұмыс  жасады.
1994 жылы  ақпан  айында Асылбеков Жақсыбек мектеп  директоры  болып  сайланды.Мектепте  91 мұғалім  834 оқушы, 33 класс комплектісі болды.
1996 жылы мектепте 7  мұғалім "Білім  озаты" төсбелгісімен  марапатталды. Мектеп  мұғалімі Досанова Мәлике "Отырар  ауданының құрметті азаматы" атағын  алды.
1998 жылы мектепте  компьютер  класы  ашылды.
2003 жылы мектеп  аудан  бойынша "Үздік  мектеп" атағын  жеңіп алды.
2004 жылы 18  мамырда  Нақыпов  Шеріпбек директор  болып қызмет атқарды. Мектепте  27 класс комплектісі, 4 мектепалды даярлық  тобы, барлығы  705  оқушы  болды.
2005 жылы мектепте мультимедиа кабинеті жұмыс  істей  бастады.
2008 жылы 1 интерактивті тақта, 2009 жылы  5 интерактивті класс жұмыс  істей  бастады.
2009 жылы тамыз  айында мектеп  директоры болып  Ернішев  Әлібек басшылық жасады. Мектепте 24  класс комплектісі 458 оқушы, 4 даярлық тобында 80  бала білім  мен тәрбие  алды.Мұғалім саны 92-ге жетті.
2012 жылы қыркүйек  айынан  бастап Байтұрсын Бейсенбек мектеп директоры болып  жұмыс  жасауда. Мектепте  24 класс  комплектісінде 458 оқушы, 3 даярлық тобында 60 бала тәрбиеленуде. 2017 жылы Асилбеков Айтбек Бейсенбекұлы мектеп  директоры  болып сайланды. 2018/2019  оқу  жылында  мектепте 503 оқушы білім  алуда.

Похожие публикации:

22 февраль 2017 мектеп директоры
20 февраль 2017 мекен жайымыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив