Сайыс сабақ » Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2021

Сайыс сабақ

Сайыс сабақ
 
 

Өтілетін орны: информатика кабинеті
 Өтілетін   сыныбы: 6 а,ә
 Өтілетін күні: 30.11.21 жыл
 Уақыты: 1000
 
 Жүргізуші: 11-сынып оқушысы  Ізтай Алтынай

Сайыс сабақтың  тақырыбы: «Үздік информатиктер»
 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша   алған білімдерін шыңдау.Жаңа   технологияны  меңгерте  отырып, білімді  де   білікті,зерделі  ұрпақ тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: плакат,шар,гүл, стикер т.б.
 Пәнаралық байланыс: бейнелеу,дүниетану,математика,сызу,қазақ тілі,ағылшын тілі  т.б.
 Түрі: Сайыс сабақ
 Әдісі: сұрақ-жауап
 Сайыс сабақтың барысы: 
 1.Ұйымдастыру (оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару психологиялық ахуал)
 
2. «Сәлем сөздің атасы» Таныстыру.
 3. «Құпия  сандық» Берілген  құрылғылардың суреттеріне қарап қызметін анықтауы тиіс.
 4. «Полиглот».Жұмбақтың  жауабын тауып,үш тілде (қазақ,орыс,ағылшын) айту керек.
 5. «Ғажайып төрттік».Берілген   төрт ұяшықтағы сұраққа  жауап беруі  тиіс.
 6.Сергіту  сәті: «Сақина  салмақ»   ойыны
 7. «Үздік оператор».Компьютерде Microsoft   Word  бағдарламасында  мәтін теру   сайысы.
 8. «Үздік  суретші».Жұмбақтың жауабын тауып, Paint  редакторында  суретін   салу  қажет.
     Бағдарламаның  барынша мүмкіндігін пайдалану ұсынылады.
 9. «Бәйге».Сұрақ-жауап бөлімі.
 10. «Кім жылдам?» .Берілген  сөзден  бірнеше   сөз құрау.
 11. Қорытынды.
     Құрметті  ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі  информатика пәні  бойынша 7 «а» және «ә» сынып  оқушыларының қатысуымен  ұйымдастырылып  отырған «Үздік информатиктер»  сайыс   сабағына  қош келіпсіздер! Сайыстың  мақсаты жаңа технологияны  меңгере отырып,болашақ өркендеген  еліміздің білімді  де   білікті  азаматы болу.
         Сайысқа   екі  топ  келіп отыр:   І-топ: «Зерделілер», ІІ-топ: «Қырандар».
 

 
Сайысты  бастамас сайыскерлерімізге сәттілік  тілеп,топтың ережесіне бағына отырып,уақыт   регламентін  сақтау  басты   міндет  екенін  айтқым келеді. Соныменсайыскерлердің  білімін   бағалау  үшін  әділ қазылар алқасын  сайлап алсақ (әділ  қазылар алқасын сайлау).Әрбір дұрыс жауапқа  5 ұпай беріледі.Алғашқы  кезең   «Сәлем  -сөздің атас»  деп аталады.Екі команда өздерін  таныстырып өтсе.
      Келесі кезең «Құпия  сандық» деп аталады.Мұнда  берілген   құрылғылардың суреттеріне қарап қызметін анықтауы тиіс:
             І топ:                                                               ІІ топ:
 
1.принтер                                                                1 сканер
 2.блок                                                                     2.қатқыл диск
 3.пернетақта                                                           3.жүйелік блок
 4.монитор                                                               4.тышқан
           Ендігі кезең «Полиглот»  деп аталады,яғни, жұмбақтың  жауабын тауып   үш  тілде  айту   керек.Екі топқа  бірдей қойылады.Тек  қол көтеріп жауап бересіздер.
 1.Ұзынтұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала  қалса   артынан,
    Ешбір ізі қалмайды          ( бос орын,пробел,probel)
 2.Қағаз  бетінен алады,
     Бірден  компьютерге салады.    (сканер,мәтіналғы,scanner)
 3.Төртбұрышты әйнек,
     Тұнып тұрған әлек.       (монитор,монитор,screen немесе monitor)
 4.Өзі темір  жаны жоқ,
   Ақпаратты  сақтап,таратқан.
   Жұртты өзіне қаратқан     (жүйелік   блок,процессор,system unit)
 5.Компьютермен енеді,
     қағазға басып береді ( принтер, басып шығарғыш,printer)
 6.Бес атаның  балалары,
    Қыдырмашы біреуі.
    Бір күн бар да,бір күн жоқ,
    Соны есепке   алсақ,
    Ұзын   саны жүз жеті     (пернетақта,клавиатура,keyboard)
        Жарайсыздар,қошемет! «Ғажайып төрттік»  деп аталатын кезеңде әр топқа төрт  ұяшық  бойынша сұрақтар беріледі.Әр ұяшықтың жауабы 20 ұпайға тең. Ендеше бастаймыз:
                      І топ:                                                                              ІІ топ:
 1.Windows  сөзінің  қазақшасы   қалай?                        1. Paint қандай редактор?
                                                                  (терезе)                                 (сурет салуға арналған)
 
2. Word Pad қандай  бағдарлама?                                  2.Алгоритмнің түрлерін ата.
                                           (жазуға  арналған)                           (сызықтық,тармақтық,циклдік)
 
3.Алгоритм дегеніміз не?                                          3.Интернет дегеніміз не?
                             (реттелген  амалдар жиыны)                      (бүкіләлемдік  желілік байланыс)
 
4.Тосын сый .                                                                  4.Тосын сый .
                                              (ән айту)                  (жаңылтпаш айту: кеше  неше сынды кесе)
 
      Осы тұста  сергіту сәтін  қолданып кішкене  ойымызды жинақтап алайық. «Сақина салмақ» ойыны.Мен екі  топ  мүшелерінің біріне  сақина   саламын.Соны  тапқан адамға 5  ұпай   берейік.
         «Үздік оператор» сайысы .Бұл  сайыста екі   топтан бір-бір оқушы  шығып, компьютерде Microsoft  Word Pad бағдарламасында  Ы.Алтынсариннің  бір шумақ өлеңін жазасыздар.Мәтіннің сүйкімділігіне, пішімделуіне,қатесіз   жазылуына,жылдамдығына   мән беріледі.Ендеше  бастаймыз.
        Ендігі кезек  суретшілерге де келіп жетті.«Үздік  суретші»   сайысында жұмбақтың жауабын тауып, Paint  редакторында   суретін  салу  қажет. Қай   топ  жауабын бірінші болып айтса ұпай  саны  артады.Бағдарламаның  барынша мүмкіндігін пайдалану ұсынылады. Уақыт 3 минут. Жұмбақ:
                           Тақиям  толған сөк,
                           Ерте  тұрсам дым да жоқ.            (жұлдыз)
 

 
   Ал,ендеше   «Бәйге» кезеңіне де келіп жеттік. Екі  топқа  8 сұрақтан беріледі.Ойлануға 3 секунд уақыт  беріледі. Егер тосылып қалған жағдайда келесі  сұрақты  оқимын.Бастаймын:
 І топ:
 1.Компьютердің  «миы»?
 2.Басып шығару  құрылғысы?
 3.Басқару құрылғысы?
 4.Компьютердің атасы?
 5.Флеш қандай  құрылғы?
 6.Пернетақта  неше  бөліктен тұрады?.
 7.Enter  пернесінің қызметі?
 8.Принтердің  неше  түрі бар?
 ІІ топ:
 
1.Жүйелік блоктың қызметі не?
 2.Енгізу  құрылғыларын ата.
 3.Ақпаратты  экранға шығару құрылғысы қалай  аталады?
 4.Ақпараттың ұсыну  түрлерін ата.
 5.Қатқыл диск  қызметі?
 6.Интернет  дегеніміз не?
 7.Ақпараттың  өлшем  бірлігін ата.
 8.Caps Lock  пернесінің қызметін ата.
       Келесі  кезең  «Кім жылдам?»  деп аталады. Мұнда  берілген   сөзден  бірнеше  сөз құрау қажет. Уақыт 1 минут.Берілетін сөз:
ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН
 
 ( топтық  талқылау)                                          (қорытындылау сәті)                 


 
          (қазылар алқасының мүшесі               (қазылар алқасы шешім шығаруда)
              Маханбет Сәния)
 

 
         Осымен бүгінгі сайыс  өз мәресіне жетті  деп ойлаймыз.Сайысқа  қатысып,өз   өнерлеріңізді орта   салып,белсенділік   көрсеткендеріңіз үшін рахмет.Қорытынды сөз  «Ғажайып информатика»  үйірмесінің жетекшісіне беріледі.Содан соң  әділ қазылар алқасының қорытынды  бағасына  кезек   береміз.Зейін қойып   тыңдағандарыңызға  рахмет!.
 
 




Дайындаған:Ордабаева М

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив