«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» » Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»
26
март
2019

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»

     Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»
 
 Мақсаты:

  1. Ата-ана, ұстаз еңбегін үлгі ете отырып, оларды сыйлай білуге әрі құрметтеуге тәрбиелеу.
  2. Ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықты ұйымдастыру.
  3. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтей білуге үйрету. Оқушы бойында адамгершілік, парасаттылық пен ізгілік қасиетін қалыптастыру.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын туғызу.


 Түрі:пікірлесу сағаты
 Әдіс-тәсіл:әңгімелесу, ойтолғау, сұрақ-жауап, көркем оқу.
 Көрнекілігі:тақырыпқа байланысты түрлі нақыл сөздер, түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер, тақырыпқа негізделген слайдтар.

Жоспары:

1.Кіріспе сөз.

2. «Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.» Баяндама

3.Екі топқа бөлу

4.Ой толғау. І «Ата-аналар»тобы- «Бала адамның бауыр еті»

ІІ «оқушылар» тобы –«Әке-тірек, ана-бақ, бала-шуақ

5.Жағдаяттық тапсырмалар

6. Пікірсайыс

7.Мақал-мәтелдерді толықтыру




ДТЖО:   Н Оразгелді




  Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп

ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ

1. Аймауытов Ж. «Ақбілек» -

2. Бегалин С. «Бала Шоқан» -

3. Момышұлы  Б. «Ұшқан ұя» -
 4.Соқпақбаев Б. «Менің атым Қожа» -

5.Айтматов Ш. «Боранды бекет» -

6.Әшімұлы А. «... Жан бөлек» -

7.Қабанбаев М. «Арыстан мен виоланчель және қасапхана» -

8.Ахметова З. «Шуақты күндер» -

9. «Керқұла атты Кендебай» -

10. «Қарттың ұлына өсиеті.» Қазақ ертегілері –
 Барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылар назарын тақтаға аудара отырып, пікірлесу тақырыбы мен мақсат-міндетін айтып өту.
 ІІ. Таныстыру
 ІІІ.Жүргізілу реті.

Қатысатын оқушыларды 3 топқа бөлу

І топ: - ата-аналар

ІІ топ: -Оқушылар


 Жүргізуші:
 Баланың жақсысы – туған-туысқанның, ата-ананың, жалпы қоғамның-абыройы мен мақтанышы, ал тіл алмайтын, айтқаныңа көнбейтін бала – қайғы-қасірет. Баланы тәрбиелеу үрдісінде табысқа жету үшін әрбір тәрбиелеуші адамның ең алдымен өзінің тәрбиелі болғаны абзал. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтін мәні мен мағынасы осында. Олай болса, ең алдымен екі топқа шығармашылық жұмыс беруді жөн санадық.
 Жүргізуші:
 Ата-ана, оқушылар тобына «Бала – адамның бауыр еті» тақырыбында өз ойларыңызды жинақтау тапсырмасы берілсе, оқушылар сіздерге «Әке – тірек, ана – бақ, бала – шуақ» деген тақырыпқа өз ойларыңызды зерделеңіздер.
 Ал енді әр топ өз шығармашылық жұмыстарын қорғаса екен деймін.

(Әр топ өз ойларын ортаға салып, оны қорғайды)
 Мұғалім:
 Отбасында сыйластық, бірлік ынтымақ болмаса, тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Баланың тәрбиелі болуы тікелей отбасына байланысты. Олай болса, осы негізде өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар дейміз.
 Құрметті оқушылар. Ата-ана, ата-әже, туыс туған, жалпы бізге қамқоршы әрі пана бола білер аялы жандарымыз әрқашан жадымыздан табылуға тырысады. Ендеше, осы орайда отбасындағы кейбір жағдаяттарды шешуде сіздер өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
 Жағдаяттық тапсырмалар:

І топқа «Ата-аналар»

Сіздің балаңызға оқу орнынан үнемі білімі нашар, тәртіпсіз деген хаттар келеді.Сіздер не істер едіңіздер?

ІІ топқа: «Оқушылар»

Ата-анаңыз үнемі сіздерге неге сен сондайсың, басқа елдің баласы қандай ақылды,тек қана жақсылықтарын естисің,-деп үнемі ренжиді.Осындай сөзді естігендегі сіздің әрекетіңіз қандай?
 (оқушылар ойы)
 Мұғалім:
 Ынтымақ бар жерде тәрбие бар – ынтымақ бар жерде береке мен бірлік бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Отан жанұядан құралмақ. Бүгінгі таңда ата-аналар бар білімін, ілімін, күш-жігерін игі іске, яғни бала тәрбиесіне, жұмсауда.

Сұрақ:

1.Ел болашағы жастар қолында.Ал сол жастар, «рухани» байлықпен қалыптасады.

2.Олар қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, бүгінгі қоғам қандай келешекті қалыптастыруда? Осы негізде пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар деймін.
 (Ата-ана, оқушы пікірі)

Жүргізуші:
 Олай болса, тақтада берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізейік. Берілген мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс табу қажет.
 І топқа:
 1. Әдептілік - ………. (әдемілік белгісі)
 2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
 5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
 ІІ топқа:
 1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
 2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
 3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
 4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
 5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
 Сіздерге көп рахмет. Бұл берілген тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар.
 Жүргізуші:
 Халқымызда «Бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат» деген дана сөз бар. Шынында да солай. Балаларға оқылатын кітап мейлі өлең-жыр, не қара сөз болсын,адамның ойына қозғау салатындай, рухын шыңдайтындай, үміт пен жігереді жанитындай болғаны абзал. Сонда ғана ерік-жігері күшті, ақыл – ойы түзу ұрпақ өсіп шығады. Ендеше, оқушылардың өздері ұнатқан шығармаларынан алынған үзінділерді тыңдап көрейік.
 Оқушылардың көркем әдебиеттерден оқыған шығармалардан отбасы туралы үзінділер:

1.ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ

2. Аймауытов Ж. «Ақбілек» -

3. Бегалин С. «Бала Шоқан» -

4. Момышұлы  Б. «Ұшқан ұя» -
 5.Соқпақбаев Б. «Менің атым Қожа» -

6.Айтматов Ш. «Боранды бекет» -

7.Әшімұлы А. «... Жан бөлек» -

8.Қабанбаев М. «Арыстан мен виоланчель және қасапхана» -

9.Ахметова З. «Шуақты күндер» -

10. «Керқұла атты Кендебай» -

11. «Қарттың ұлына өсиеті.» Қазақ ертегілері –
 Жүргізуші:
 - Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.
 Жүргізуші:
 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ата-анамызбен бірлесе отбасымызды,өзімізді тәрбиелейік..
 Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ана ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.Рахмет сіздерге оқушылар.

Сонымен «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» атты ойтолғау сәтімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер









Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп

"Бала - біздің болашағымыз!!!" тақырыбында баяндама

Бала – біздің болашағымыз!
 
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
 
 Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек. 
 
 Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
 Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.
 Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
 Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
 Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
 Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
 
 Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
 «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив