Қыз бала тәрбиесі- ұлт тәрбиесі » Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2019

Қыз бала тәрбиесі- ұлт тәрбиесі

Тақырыбы: Қыз бала тәрбиесі- ұлт тәрбиесі (дөңгелек үстел
 
 Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен 
 жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, 
 адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. 
 
 Мектеп педагог-психолог: М Әмірбек
 
Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! 
 Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді. 
 Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен 
 жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, 
 адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. 
 Кешіміздің қонақтары: 
 
Мектеп медбикесі – М Розметова
 Мектеп психологі –  Г Момбекова
 Мектеп  ДТІЖО      -  Н Оразгелді
 Қыздар кеңесінің төреайымы -  Ж Асылханова

Тәлімгер:- Ж Жандарбекова

Кеш барысында қонақтарымызға қояр сұрақтарыңыз болса , дайындап отырарсыздар. 
 Мектеп  ДТІЖО - Н Оразгелді
 Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. 
 Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. 
 Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген. Назарымызды интерактивті тақтаға аударайық. Видеоролик 
 Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде құрметті ата-ана сіздің ойыңызды, пікіріңізді білсек. Сөз ата – анаға Р Бекмұратова. 
 Тәлімгер:- Ж Жандарбекова. Тәңірінен болғанымен таңғы асы 
 Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде асыл ана, аяулы әже атанып отырған сүйікті апайымыз К Алтынбекова апай қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі жөніндегі әңгімемізге өз ойыңызды қосаңыз. Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз толама? 
 Қыздар кеңесінің төреайымы -  Ж Асылханова. Біз қыз балармен жыныстық тақырыпта сөйлесуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз, өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз, алайда қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Тіпті кейде олардың сөздеріне, әркеттеріне қарап кейбір мәселелерді үлкендерден кем білмей ме деп қаласың.Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті қажетсіз ақпараттарды екшеу мүмкін емес.Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу, уақыт күттірмейтін мәселе. 
 Мектеп медбикеге М Розметова 

1. Ерте жүктілік деген не? 
  2.Ерте жүктілік немен қауіпті? 
  3.Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? 
  4.Не себепті ерте жүкті болып жатыр? 
   5.Жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет? 
 
 Мектеп психологы: Г Момбекова.Қалай десекте жас ұрпаққа жыныстық тәрбие беру мәселесі әлі де нақты шешімін таппай отыр.Қоғамымыздың орыс тілі өкілдері «Бұл дұрыс,жастар ерте бастан мұндай іске барады , мұны біледі екен, онда қорғансын» деген шешімге де келген.Бірақ қазақ қоғамына бұл қаншалықты керек.Апа-әжелеріміз , әпкелеріміз жыныстық тәрбие дегенді естімей –ақ адал, пәк қалпын сақтаған еді .Бәлкім мұндағы мәселе тәрбие де емес, дұрыс тыйым салуда болар. Қалай ойлайсыз? 
 
 

 Енді өз қыздарымыздың айтар сөзін тыңдасақ. 
 1. «Қыздың жолы жіңішке» 9 а 
 2. «Қызға қырық үйден тыю» 9 ә 
 3. «Қыз-ұлт мақтанышы...» 10а 
 4. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер- бойыңды» 10 ә
 
 Қорытынды сөздер: қонақтардың түйінді ойын білейік 
 Ән: «Қызғанамын» Қыдырбай Нұрханат
 Мектеп педагог-психолог: М Әмірбек    «Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті. 
 Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! 
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
agomy
18 апреля 2021 19:28
При работе с Китайскими производителями товаров, Вы можете воспользоваться услугами транспортной компании "Азия-Трейдинг" по подачи порожних контейнеров на склад под погрузку, доставку товара в Россию с последующим проведением таможенного оформления.